Алдымен барша қазақстандықты партиямыздың 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын. Шын мәнінде, осыдан 20 жыл бұрын, 1999 жылы 1 наурызда біз – Президенттің сенімді өкілдері, штаб басшылары аянбай тер төгіп, ауқымды саяси іске бел шеше кірістік. Қазір, міне, сол еңбектің жемісін көріп отырмыз.
Ал бүгін Мемлекет басшысы жүктеген тапсырмаларды абыроймен, уақытында және сапалы орындай алсақ, еліміздің еңсесі көтеріле түспек. Атап айтқанда, соңғы уақыттары қоғам ішінде қызу талқыланып жатқан әлеуметтік мәселелерді Мемлекет басшысы тапсырғандай еңсеруіміз керек. Оның ішінде көп балалы отбасыларға, жағдайы төмен азаматтарға нақты көмек көрсетуді бұлжытпай орындау партия мүшелеріне артылған зор жауапкершілік деп есептеймін. Бұл тек әлеуметтік-экономикалық мәселе ғана емес, еліміздің тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің кепілі болады. Сондықтан алдағы уақытта Үкімет пен өңірлердегі әкімдер Мемлекет басшысының тапсырмасын мүлтіксіз және шапшаң орындауы керек.
Серік ҚОНАҚБАЕВ,
Мемлекет және қоғам қайраткері