• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 02 Наурыз, 2019

Жолдарға уақытшы шектеулер қойылды

700 рет
көрсетілді

Халықаралық және республикалық деңгейдегі жолдарда 2019 жылдың 1 наурызы мен 1 сәуір аралығында уақытша бір белтемір білегіне түсетін жүктемесі 8 тоннадан артық автокөлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлады Қызылорда облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2013 жылғы 11 наурыздағы №162 бірлескен бұйрығына сәйкес, көктемгі кезеңде жол төсемі бөлігінің бұзылуын болдырмау мақсатында жалпы пайдаланымдағы халықаралық маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент» және республикалық маңызы бар А-17 «Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ» автомобиль жолдарына 2019 жылдың 1 наурызы мен 1 сәуір аралығында уақытша бір белтемір білегіне түсетін жүктемесі 8 тоннадан артық автокөлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Халықаралық жүк тасымалына, зардап шеккен адамдарға гуманитарлық көмек көрсететін, азық-түлік тасымалдайтын, сондай-ақ төтенше жағдайларды жоюға және алдын алу жөнінде іс-шараларын жүзеге асыратын автомобильдерге шектеулер қойылмайды.