• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 02 Наурыз, 2019

Қазақстандық дипломат ИЫҰ Бас хатшысының орынбасары ретінде ант берді

959 рет
көрсетілді

Бүгін, 2019 жылғы 2 наурызда Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің 46-шы сессиясы барысында қазақстандық дипломат Асқар Мусинов ИЫҰ Бас хатшысының орынбасары ретінде ант берді. Бұл лауазымда ол ислам әлеміндегі ғылым және теxнологияларды дамыту саласындағы мәселелерге жауапты болады.

А.Мусинов Бангладештің Дакка қаласында өткен ИЫҰ Сыртқы істер министрлерінің 45-ші сессиясы барысында сайланды. Біздің еліміздің тарихында тұңғыш рет қазақстандық дипломат ИЫҰ-да осындай жоғары лауазымға ие болды.

Біздің құрметті әріптесімізді Асқар Ахметұлын жоғары лауазымға тағайындалуымен құттықтаймыз.

Асқар Мусинов кадрлық дипломат болып табылады, бұрын Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды, Қазақстанның Мысырдағы, Сауд Арабиясындағы, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісі, Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы және министрдің орынбасары болды.