• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Футбол 03 Наурыз, 2019

Оралда дарынды жастардың өсіп келе жатқаны қуантады - «Ақжайықтың» бас бапкері

896 рет
көрсетілді

Оралда дарынды жастардың өсіп келе жатқаны қуантады. Түркияда екінші оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Ақжайықтың» бас бапкері, украиналық маман Сергей Зайцев осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Гомель» (Беларусь) командасымен өткен жолдастық кездесуден кейін пікірін білдірген маман жастардың жақсы ойын өрнегін көрсеткеніне тоқталды. «Жастар бұрын Қазақстан біріншілігінің екінші лигасында ойнаса, бүгін Беларусьтің премьер-лигасында өнер көрсететін клубқа қарсы тұрды. Соған қарамастан, көбірек қорғанғанымен, керек кезінде шабуылға шығып отырды. Ойын соңында бір жарым минутта «Ақжайықтың» қақпасына соғылған екі гол матч тағдырын шешіп кетті.Дегенмен оралдық жастар тынбай жаттыға берсе, шеберліктерінің арта түсетінін көрсетті», деді С.Зайцев.

Енді «Ақжайықтың»Түркияда бір ғана кездесуі қалды. 6 наурыз күні «Днепр» (Украина) клубымен жасыл алаңға шығады. Содан кейін команда құрамын толық нақтылап, Оралға қайтады.