• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Наурыз, 2019

Қоғамдық дертке қарсы іс-шаралар жүргізілуде

1098 рет
көрсетілді

Бүгінгі күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқролыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті өз қызметтерін 4 басты бағыт бойынша жүргізіп келеді. Оның бірі өз атауынан көрініп тұрғандай сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар кешені. Бұл бағытта қоғамдық дерттің алдын алуға басымдық берілген. Осы орайда инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу мен икемдеу жобасының орны айырықша деуге болады.

         Ақтөбе аймағында аталған жобаны іске асыру мерзімі өткен 2018 жылдың шілде айынан бері қолға алынған. Мұндағы басты мақсат инвесторларды сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінен және әкімшілік кедергілерден қорғау. Қазіргі кезде жобаның жүру барысы оң нәтижелер көрсетуде. Бұл облыс әкімдігі және «Ақтөбе әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясымен», сондай-ақ «Атамекен» облыстық кәсіпкерлер палатасы әрі «КазИнвест» АҚ облыстық бөлімшесімен бірлескен ортақ жоба.

         Оның айтуынша бүгінгі күнге дейін департамент ұжымы мамандары көтерілген мәселеге орай 24 инвестициялық компаниямен келісім жасап, жалпы сомасы 4,2 триллион тенге құрайтын қаражатты мемлекет қорғауына алған. Сонымен бірге аталған жоба аясында бүгінгі күнге дейін 25 арыз-шағымдар түсіп, 23-і қысқа мерзім ішінде өз шешімін тауыпты.

         Сондай-ақ департамент жетекшілерінің бастамасымен және «Қазақстан Темір жолы» АҚ мен Көлікті бақылау инспекциясының қатысуы арқылы жүргізілген «Адал жол» жобасын іске асрыу барысында анықталған теріс көріністер де аз емес. Бұл ретте «Билетсіз жүріс жоқ» бірлескен акциясы ойға бірінші оралады. Бұған қоғамдық ұйымдар мен жұртшылық өкілдері де кеңінен тартылған. Осы кезде Алматы-Атырау, Мәскеу-Ташкент, Ташкент-Уфа бағыттарындағы пойыздарға билетсіз отырған жолаушылар анықталыпты. Соған сәйкес 3 жолсерікке 7 айлық есептік көрсеткіш негізінде айыппұлдар салынған.

         Бұған қоса рейдтік тексерулер кезінде Ақтөбе-Маңғыстау, Ақтөбе –Атырау және Ақтөбе-Алматы бағытындағы пойыздар да мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін қажетті жағдай туғызылмағаны да белгілі болып отыр. Соған сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы құқық талаптары мен баптары бойынша «Жолаушылар тасымалы» АҚ 35 айлықтық есептік көрсеткіш негізінде айыппұлға тартылған.

Темір Құсайын,

«Egemen Qazaqstan»

АҚТӨБЕ