• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Наурыз, 2019

Астанада су тасқынына қарсы жұмыстар жүріп жатыр

1228 рет
көрсетілді

Қаланың барлық аудандарында штабтар құрылуда, қар шығару және тазарту, арық желісін тазалау іс-шаралары бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес жүргізілуде. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөзө қызметі хабарлады. 

«Сарыарқа» ауданы: Күн сайын адамдар көп жиналатын саябақтар, демалыс орындарының, автовокзал, темір жол вокзалы аумақтарының және білім ордаларының аумағы қардан тазартылуда. Қазіргі уақытта 9 балабақша мен 5 мектептің аумағы тазартылған.   25, 26 ақпанда Агроқалашық тұрғын алабында балабақшаға жақын ұзындығы - 700 текше метр болатын арық-науалы желісін қардан тазалау бойынша жұмыстар жүргізілді. 28 ақпаннан бастап сенбіліктер өткізіліп, су басу қаупі бар аулаларды, жеке сектор тазартылады деп жоспарлануда. Аталмыш шараға 100 студент жұмылдырылмақ.

«Алматы» ауданы: Қазіргі таңда тасқын суға қарсы шаралар аясында 305 мың текше метр қар шығарылды. Осы қыста аудан бойынша 880 мың текше метр қар шығарылды. Бүгінгі таңда Теміржол, Достық, Оңтүстік-Шығыс тұрғын алаптарында бір жолғы қар шығару жұмыстары жүргізілді. 76 әлеуметтік нысан аумағынан қар шығару  (26 балабақша, 25 орта мектеп, 21 денсаулық сақтау нысаны, 4 әлеуметтік нысан) жұмыстары басталды. Аталмыш шаралар 10 наурызға дейін жұмыс аяқталатын болады. Сонымен қатар, қар суын өткізу үшін арық желілерін қардан және мұздан тазалау бойынша жұмыстар жүргізілуде. 28 көшедегі арықтың ұзындығы 9 420 погонды метр.

«Байқоңыр» ауданы: Аудан бойынша судың деңгейін төмендететін арықтар 40 көше бойымен өтеді. Олардың жалпы ұзындығы 17 953 т. м. құрайды. Арық жүйесін тазалау жұмыстарын «АВС Партнер» ЖШС мердігерлік ұйымы жүргізуде. Бүгінгі таңда, бекітілген кестеге сәйкес, С. Сейфуллин, Сырдария, Мұнайшылар, Құрманғазы 1, 2 көшелерінде, Көктомар, Ашxабат тұйық көшелерінде 2150 т.м. арықтар тазартылды. Жұмыстар жалғасуда. Сонымен қатар, бөлек орындарда су басудың негізгі себебі болатын, жеке сектордағы қарды шығару жұмыстары жүргізілуде. Алдын ала кестесі жария болған еді. Сондықтан, тұрғындардан жеке аумақтардағы қарды жолдың өтпелі жағына ертерек шығарылуына септігін тигізуі сұралуда.

«Есіл» ауданы: Ауданда су тасқынына қарсы келесi iс-шаралар жүргізілуде. Осы жылдың 10 ақпанынан бастап «Астана Тазалық» ЖШС мердігерлік ұйымының күшiмен Майбалық кɵлi ауданында орналасқан каналды тазарту жұмыстары жүргізілiп жатыр. 1 бірлік техника тартылып (экскаватор), 6 000 м/н 4500 м/н тазартылды. Сонымен қоса, «Пригородный» тұрғын алабында орналасқан арықты тазарту жұмыстары жүргізілуде. Қазiргi таңда 1300 метрдің 1000 метрi тазартылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады. Су тасқынын болдырмау мақсатында оқу орындарының аулаларынан қар қала сыртына қар шығарылуда (мектептер мен балабақшалар). 18 мектептің 9-ы, 26 балабақшаның 22-сі тазартылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.