2019 жылы Астанада «Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы несиелік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша 900 пәтер пайдалануға беріледі деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Дүйсенбі күні «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы активінің отырысында Астана әкімі Бақыт Сұлтанов қолжетімді тұрғын үй құрылысы мәселесі биыл да күн тәртібінен алынбайтынын алға тартты.
«2019 жылы «Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы несиелік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша 900 пәтер пайдалануға беріледі. Қала бюджетінде 2 мың тұрғын үй сертификаттарын беруге қаражат қарастырылған. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үйге қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында кезекте тұрғандар үшін жалға берілетін тұрғын үй түріндегі, кейіннен сатып алу құқығымен 731 пәтерді пайдалануға беру жоспарлануда», деді қала әкімі.