• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Наурыз, 2019

Алматы облысында иіс тиіп улану оқиғасы көбейді

1206 рет
көрсетілді

Алматы облысында иіс тиіп улану оқиғасы жиілеп тұр. Өкінішке қарай мұның салдарынан көз жұмған адам саны да өсіп барады. Жыл басынан бері облыс аумағында 18 адамға иіс тиіп, улану дерегі тіркелген. Жеті адамның ажалы осы улы газдан болыпты.

Өткен түнде ғана Талғар қаласында тұратын бір отбасының үш мүшесіне иіс тиіп, тіл тартпай кеткен. Түтіннен уланған 1973 жылғы әке мен оның 2001 және 2005 жылы туған екі баласын құқтқару мүмкін болмаған. Ал отанасының өмірі үшін аудан дәрігерлері күресіп жатыр. Отбасы жалдамалы пәтерде тұрған.

Улы газ үйдегі пештің ақауынан тарап, түнгі ұйқы құшағындағы әулеттің обалына қалуда. Өткен сенбі күні де Үшарал қаласында бір отбасы түтіннен уланып, ауруханаға жеткізілген болатын. Жеті адамның біреуі көз жұмды. Сондай-ақ, бұған дейін Талдықорған қаласында бір отбасына иіс тиіп, 3 адамның қайтыс болғанын жазған едік. Оның бірі 3 жастағы сәби болатын. Ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген тағы бір баланың өміріне дәрігерлер араша болып, қазір ол сауығып шықты.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы