• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Наурыз, 2019

Роман Скляр битум өнімінің экспортына тыйым салу мәселесін қарауды сұрады

952 рет
көрсетілді

Бүгін Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр «Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы айтты.

 «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында автожол жобаларын іске асыру жалғасуда. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру басталғаннан бері автожол саласында 2 мың төрт жүз шақырым республикалық маңызы бар автожол салынды және қайта жаңғыртылды. Биыл 4 мың төрт жз шақырым жол қайта жаңғыртылады. Қарағандыдан Алматыға дейін және Ақтөбеден Ресей Федерациясы шекарасына (Астраханьға) дейін құрылыс жұмыстары басталады», деді Министр.

Сонымен қатар Министр жыл соңында қайта жаңғыртылған 654 км автожол қозғалысын ашу жоспарлануда екенін айтты.

«Астана-Павлодар (441 км), Щучинск-Зеренді (80 км), Бейнеу-Ақжігіт (85 км), Таскескен-Бақты (20 км), Жетібай-Жаңаөзен (73 км) жобалары бойынша жұмыстар толығымен аяқталатын болады. Республикалық маңызы бар 1 мың алты жүз шақырым автожол жөнделеді», деді ол.

Сондай-ақ Роман Скляр Үкімет басшысы Асқар Маминге өткен автожол саласының мәжілісінде жол битумының тапшылығына қатысты мәселе көтерілген айта отырып, аталған мәселені шешу үшін битум өнімінің экспортына тыйым салу мәселесін қарауын сұрады.