Тегін қосымшаға 9 мыңнан аса қаланың әлеуметтік, мәдени, тұрғын үй және бизнес нысандары кірді,. Бұл туралы Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Бұл туралы ӨКҚ-де өткен баспасөз жиынында 2GIS ақпараттық орталығының коммерциялық директоры Тимур Файзуллин және тұтынушылармен жұмыс бойынша директордың орынбасары Әли Мұсағалиев мәлімдеді.
- Мобильді қосымша ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап іске қосылды. Біздің қызметкерлер ұйымдар туралы ақпартты жинап, оларды біріңғай картаға енгізеді. Қаламыздың өсіп, дамып, шағын және орта кәсіп нысандарының көбейіп жатқанын ескеру керек. Сондықтан, әр ай сайын өзгерістер енгізіліп отыратын болады. Барлық ақпарат тегін орналастырылады,- дейді Тимур Файзуллин.
Спикерлердің айтуынша, 2GIS қосымшасының Атыраудағы филиалында 10 қызметкер жұмыс істейді, қаланы толық білу үшін оларға 4 ай қажет болды.
- Сондай-ақ мобильді қосымшада қалалық қоғамдық көліктің қозғалысындағы 23 маршруттың бағыты енгізілген. Бұл да нақты сан емес, жаңартуға сай саны да өседі. Қосымша офлайн режимінде жұмыс істейтіні маңызды емес - қажетті мекен-жай немесе мекемені ғаламторға қосылмай-ақ табуға болады,- дейді Әли Мұсағалиев.