• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Наурыз, 2019

Текелі қаласында терроризмге қарсы күрес жаттығуы өтті

1079 рет
көрсетілді

Алматы облысының Текелі қаласында кезекті терроризмге қарсы күрес жаттығуы өтіп жатыр.

Бүгін таңертеңнен қала көшелеріне қару-жарақ асынған арнайы жасақ пен әскери техника енгізілді. Осыған орай қала әкімдігі тұрғындарды сабырға шақырып, оқу-жаттығудың маңызын түсіндіруде.

- Оқу-жаттығу арнайы қызметтердің ұйымдасуымен өтуде. Мұның мақсаты террорлық қауіп-қатерден сақтану мен жедел әрекет ету жаттығуларын пысықтау. Осыған байланысты қаланың кейбір көшелері жабылып, жүріске шектеу қойылды. Тұрғындардан түсіністік танытып, үрейленбеуін сұраймыз, - деп жазылған Текелі қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы