• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Наурыз, 2019

Дәрігерлердің жұмысын Smart Astana қосымшасы арқылы бағалауға болады

963 рет
көрсетілді

Кері байланыстың жаңа каналы барлық қалалық емханалар мен стационарларында енгізілген, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында барлық қалалық емханалар мен стационарларында көрсетілген медициналық қызметке тұрғындардың қанағаттануын анықтау және кері байланысты жақсарту мақсатындағы жоба қолға алынды», – деп хабарлады Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров өзінің Facebook-тегі парақшасында.

«Енді сіздер емхана немесе жекелеген қызметкерге қатысты өтініш-тілектеріңізді қалдыра аласыздар. Ол үшін арнайы QR-кодты сканерлеп сұраққа жауап беру жеткілікті. Барлық ақпарат қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ахуалдық орталығына түседі. Бұл бізге онлайн режимде медициналық мекеменің немесе жекелеген медқызметкердің сізге көрсеткен қызметі мен сервис сапасын анықтап, одан ары жетілдіруге көмек береді», – деп түсіндірді Қ. Надыров.  

Қоғамдық денсаулық сақтау басқарма басшысының айтуынша, өтініш-тілектердің негізінде рейтинг жасалады.