Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2019 жылғы ақпанда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2,5%-ға жоғарылады. Бұл туралы Статистика комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі – 20,5%, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 16,4%, жемістер мен көкөністерді – 8,4%, нан және жарма өнімдерін – 7,5%, қант, шай және дәмдеуіштерді 2,2%-ды құрады.