• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Наурыз, 2019

14-29 жас аралығындағы қазақстандықтар Жастар корпусын дамыту жобасына қатыса алады

1377 рет
көрсетілді

Жастар корпусын дамыту жобасы жастарды қоғам өміріне тарту және олардың қоғамға қызмет көрсету ісіне ат салысуды, жастар арасында өмірлік дағдыларды дамытуды және бастаманы көтеруді мақсат етеді.

«14-29 жас аралығындағы жастар (мектептер оқушыларынан басқа) қатысады. Қатысушылар өздерінің мүмкіндіктерін пайдалануға, өмірлік жаңа дағдыларды үйренуге, көшбасшылық қабілеттерін дамытуға, бастамалық идеялар мен әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға қызығушылығы болуы керек», - деді Жастар корпусын дамыту жобасының Үйлестіру агенттігінің басшысы Вера Ким.

Айта кетсек, Жастар корпусын дамыту жобасының 1-компонентін Үйлестіру агенттігі іске асырады.

«Ерекше басымдық жұмыс істемейтін, оқымайтын немесе табысы төмен, яғни кедейлік шегінен төмен қалған қатысушыларға беріледі», - деп атап өтті Вера Ким.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаға қатысу барысында жастар өмірлік дағдылар мен жобаларды басқару дағдыларын үйренеді, сондай-ақ тәлімгерлерден қолдау алады.