• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Наурыз, 2019

6 наурыз күні еліміздің басым бөлігінде тұман түсуі мүмкін

1100 рет
көрсетілді

Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ , оңтүстік- батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Орал қ.: 6 наурызда жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ, оңтүстік- батыстан соғатын желдің күші 17 м/с күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын болады, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15 м/с күтіледі. Ақтөбе қ: тұман күтіледі, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 85-90 %

6-8 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %

6-7 наурызда Атырау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 80-85%

Ауа температурасының жоғарылауына байланысты Алматы облысы мен Алматы қаласы маңайында және Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік бөлігі аумағында 2019 жылғы 6-9 наурыз аралығында қар еруі мен ағын сулардың қалыптасуы және өзендерде мұздық құбылыстардың әлсіреуі, су деңгейінің көтерілуі күтіледі.