• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Наурыз, 2019

Мәжіліс Қазақстан мен Қытай арасындағы жеңілдетілген несие беру туралы келісімді ратификациялау бойынша заң жобасын мақұлдады

1037 рет
көрсетілді

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Ә.Смайылов «Қазақстан мен Қытай арасындағы Қытайдың жеңілдікті кредит беру туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы» Заңының жобасын ұсынған болатын.

Министр Смайыловтың айтуынша, Қытай Халық Республикасы Қарыз шеңберінде 9 автомобиль және 1 теміржол өткізу пунктіне жаңғырту және техникалық түгел жарақтандыру жүргізуді жоспарлап отыр.

«Жобаның іске асырылуын осы жылдың аяғында бастауды және 2022 жылы аяқтауды жоспарлаудамыз» дейді министр.