Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбе ферроқорытпа зауытындағы төрт немесе одан да көп баласы бар сегіз жұмысшы қызға алғыс хаттар мен ақшалай сыйақылар табыс етті. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Көпбалалы аналарды марапаттауда "Қазхром ТҰК" қызметкер қыздары арасында алғашқы корпоротивті сұлулық пен көшбасшылық байқауы ашылды. Ақтөбе, Хромтау, Ақсу және Қарағанды қалаларынан келген машинист, электрмонтер, жөндеуші, мөлшерлеуші және зертханашы қыздар тау-кен - металл алыбының ең белсенді, тартымды, кәсіби және жарқын қызметкері атағына бақ таластырды.
Шара ERG компаниясы мемлекеттік-жеке серіктестік аясында салған Шығармашылық академиясында өтті.