Ресейдің Краснояр қаласында өтіп жатқан универсиада ойындарында қазақстан қоржынына екінші қола медаль түсті. Бұл туралы Қазақпарат тілшісі хабарлады.
Бүгін шаңғышы Әсет Дүйсенов спринт жарысында мәре сызығын үшінші болып кесіп, Қазақстан қоржынына көптен күткен екінші қола медалді салды.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Жанбота Алдабергенова «шаңғы акробатикасында» 79,38 ұпаймен қола жүлдені еншілеп, Қазақстан қоржынына алғашқы медальді салған болатын Осы сайыста 100,29 ұпаймен бірінші орынды Беларусь спортшысы Александра Рамановская алды, екінші орында 91,29 ұпаймен ресейлік Любовь Никитина тұр.