• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Наурыз, 2019

Қызылордада теміржол вокзалы өкілдерінен құрылған жұмыс тобы тексеру жүргізді

940 рет
көрсетілді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекция басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Пірназарова заңсыздықтар жайында мәлімдеді.

Қызылорда станциясындағы желілік ішкі істер бөлімі, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің және теміржол вокзалы өкілдерінен құрылған жұмыс тобы тексеру жүргізген еді.

"Соның нәтижесінде 36 жолаушы пойызы тексеріліп, 31 билетсіз жолаушы анықталды. Сондай-ақ, пойыздарда 5 өртке қарсы қондырғы, 14 санитарлық бұзушылық және де өзге 75 бұзушылық анықталды. Заңды аяқтан басқан 13 жолсерік әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді Гүлмира Пірназарова.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде жолаушы поездарының қызмет сапасы, жол құжатынсыз қатынайтын жолаушылар, вокзалдардағы билетті алыпсатарлар бойынша да видеолар мен суреттер көбеюіне байланысты бірлескен тексеру жұмыстары жүргізген екен.

Осыған байланысты 107 теміржолға қарасты шарушылық субьектілері тексеріліп, тексеру нәтижесінде 961 бұзушылық анықталған. Қортынды бойынша 22 кірме теміржолдарды, 7 станциялық және 39 бағыттамалы бұрмаларды уақытша пайдалануға тыйым салыныпты.                 

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

  Қызылорда облысы