Астанада тірек-қимыл аппараты, көру және есту қабілеті зақымданған мүгедек әйелдер арасында дойбы, шахмат және тоғызқұмалықтан үшкүндік турнир аяқталды. Жарысқа елуден астам адам қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Турнирдің ашылу салтанаты «Шарапат» медицина-әлеуметтік мекемесінде өтті.
«Баршаңызды Алғыс айту күнімен және келе жатқан 8 наурыз мейрамымен құттықтаймын. Спорт адамды шыңдайтынын біз жақсы білеміз. Жастарға үлгі көрсетіп жүргендеріңізге алғыс білдіремін, жарыста жеңіс тілеймін» - деп құттықтады балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедектігі бар спортшыларға арналған спорт мектебі директорының орынбасары Мұрат Ибеков.
Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.