• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Наурыз, 2019

Асыл жандарды ардақтады

1389 рет
көрсетілді

Жуырда Қорғаныс министрлігіне қарасты Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінің тәрбие­лену­шілері мен жеке құрамы өнер және спорт жолындағы аналармен кез­десті. 

Аталған кездесуге еліміздің айтыс­кер ақыны, Оңтүстік Қа­зақ­стан облыс­­тық Батырбек Өтеп атындағы да­­рынды ба­ла­­ларға арналған «Өнер» мек­­­теп-интернатының директоры Мар­­жан Есжанова және ха­лық­аралық дәрежедегі спорт шебері, Түркістан облысы бо­йынша тоғызқұмалақтан аға жаттықтырушы Камила Көп­баева қонақ болып келді.

Халықаралық әйелдер күні ме­рекесіне орайластырылған іс-шара­ның басты мақсаты – тәрбиелену­ші­лердің анаға деген мейірімін, сүйіс­пеншілігін арттыру, отаншыл болуға тәрбие­леу және ұлтқа тән жақ­сы қа­сиет­­терді қалыптастыру. 

Кездесу барысында қонақтар балаларды төл туындыларын­ таныс­тырып, айтыс өнерін қа­лай бастағаны, спорт жолындағы қиындықтар мен­­ жетістіктер туралы ұлағатты әң­гіме­лер айтылып, ашық сұхбат жүр­гізілді.

Сонымен қатар Шымкент респуб­ликалық «Жас ұлан» мекте­бінің бас­шысы, полковник Г.Төлеуішев мәрте­белі мей­мандарға мек­теп­тің жеке құ­­­­­­­­ра­­мының атынан алғы­сын айтып, ес­­те­лік сыйлықтар мен гүл шоқтарын та­быстады.

Кеш соңында мектеп ұлан­дары ана­ларға арналған өлеңдер оқып, әндер орындады. 

Ж.СЕЙДУЛЛА,

Шымкенттегі республикалық  «Жас ұлан» мектебінің қызметкері