• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Наурыз, 2019

Шөпшегін әлдилеген әже

1095 рет
көрсетілді

Тараз қаласының тұр­ғыны Бибіжиһан Ғабдуллина әжей би­ыл 3 наурыз күні 100 жас­қа толыпты. Ғасыр жаса­ған кейуананың ша­ңырағына барып, арнайы сұхбаттасқанымызда, бұл кісінің кө­кі­регі ояу жан екеніне көз жеткіздік.

Өмірінде орын алған әрбір оқиғаны мез­гілінен шатаспай айтып беріп отырды. Әлемнің тыныс-тіршілігін, еліміздің ахуалын, бүгінгі даму деңгейін бұқаралық ақпа­рат құрал­дары арқылы біліп отырады екен. Әңгіме бары­сында әжей биыл жа­рық көргеніне ғасыр толып отырған «Ege­men Qazaqstan» газе­тімен де түйдей құрдас екенін, бас басылымның бетіне шыққан барлық дүниелерді бағдарлап отыратынын айтып, басылымның ғасыр­дан-ғасырға жалғаса бе­руіне тілектестік білдірді.

Бибіжиһан әже татар қызы екен. Ұлты татар болса да, саналы өмірі қазақ жерінде өткен жанның қазақ тіліне деген құрметі ерекше екенін байқадық. 1937 жылы жергілікті халықты сауаттандыру мақсатында Ресей­ден Қазақстанға жі­бе­рілген азаматтардың ішінде Бибіжиһан әже де болады. Он сегіз жастағы қаршадай қыз тағдырдың қиындығына мойы­май, алдына мақсат қояды. Сөй­тіп қазіргі Түркістан об­лысының Созақ ауданында тұрақтайды. 1940 жылы сол жерде Бектен Олжабековпен шаңырақ көтереді. «Әкем Ғабдулла қарапайым колхозшы болып жұмыс істеді. Біз де қиындықты көп көр­дік. Жалпы отызыншы, қырқыншы жылдары халықтың тұрмысы қиын еді ғой. Аш-жалаңаш ха­лықтың кейпі әлі көз алдымда. Сөй­тіп 1965 жылы Жамбыл өңі­­ріне қоныс аудардық. Құдайға шүкір, жолдасымыз екеу­­міз 6 бала өсіріп, 60 жыл­­ға жуық бірге өмір сүр­­­дік», дейді ғасыр жасаған әже.

«Адам ұрпағымен мың жасайды» дейді ғой хал­қы­мыз. Бибіжиһан әже бүгінде ұлы Серіктің қо­лында тұрады. Ұлы Се­рік Олжабеков Тараз қала­­сындағы «Бином» жа­уап­­кершілігі шектеулі серік­­тес­тігін басқарады. Бибі­жи­һан әже бүгінде 9 немере, 18 шөбере, 1 шөпшек сү­йіп отырған бақытты ана. «Заманымыз тыныш болса екен деймін. Жа­стар қи­ын­дық көрмесе екен, ең­бекқор болып, ата-ана­сын сыйласа екен деп тілей­мін», дейді Бибіжиһан Ғаб­дуллина.

Хамит ЕСАМАН,

«Egemen Qazaqstan»

Жамбыл облысы