• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Наурыз, 2019

Сенат депутаттары ауыл еңбеккерлерінің биік межеден көрінетініне сенім білдірді

1083 рет
көрсетілді

 

Парламент Сенатының депутаттары  Ерболат Мұқаев пен Нариман Төреғалиевтің Батыс Қазақстан облысындағы сапары Сырым ауданының Жымпиты, Бұлдырты және Алғабас ауылдарында жалғасты. Ауыл тұрғындармен кездесу барысында сенаторлар Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың әлеуметтік бастамаларын түсіндіріп, Парламент Сенатының заң шығару жұмысы туралы хабардар етті.

Жұртшылықпен жүздесу кезінде аз қамтылған азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға, табысы төмен отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етуге, білім беру және денсаулық сақтау салаларын жетілдіруге, сондай-ақ өңірлік дамудағы жаңа міндеттерге ерекше назар аударылды. Депутаттар алда тұрған ауқымды міндеттерге тоқталып, ел экономикасын өркендету ісінде ауыл еңбеккерлерінің биік межеден көрінетініне сенім білдірді.