• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Наурыз, 2019

Қазақ күресінен республикалық турнир өтті

1327 рет
көрсетілді

Қызылжар өңірінде қазақ күресінен республикалық жарыс ұйымдастырылып, спорттық шара қазақтың ірі тұлғаларының бірі, қолбасшы, сардар, батыр, ақын Қожаберген жырау Толыбайсыншыұлының 350 жылдығына арналды.

Турнирдің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Петропавл қаласының құрметті азаматы, облыстық қазақ күресі  федерациясының президенті Бауыржан Құлжанов  «Қызылжар арландары» кәсіпқой  күрес клубы құрылғанын, онда еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы  Ербол Мырзабосынов, «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы, екі дүркін  әлем чемпионы  Мұхит Тұрсынов секілді тәжірибелі  балуандар жұмыс істейтінін, алда  студенттер арасындағы бәсеке, «Қазақстан барысы-2019» республикалық сайысының аймақтық кезеңі, спорттық клубтар арасында ел  біріншілігі күтіп тұрғанын атап өтті.

Турнирге  Алматы, Ақтау, Атырау, Қостанай, Көкшетау,Шымкент, Павлодар Петропавл қалаларынан 200 жуық жасөспірім келді. 2004-2005 жылдары туған спортшылар 11 салмақ бойынша  белдесіп, боз кілемнің шаңын қақты.

Аса тартысты өткен бәсекеде екібастұздық Нұрсұлтан Сламғали, шымкенттіктер  Мұхтар Әлиев, Алмас Махаматов, алаң иесі Дмитрий Динер, атыраулықтар  Нұржан Сәрсенғалиев, Өміржан Байболсын, ақмолалық  Жасұлан  Қолқабаев, тағы басқалары жеңімпаздар қатарынан көрінді.

 Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы