• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 11 Наурыз, 2019

Қостанайда Масленица мерекесі тойланды

1212 рет
көрсетілді

Славян халықтарының Масленица мерекесі Қостанай қаласының орталығында және облыс өңірлерінде аталып өтті. Келе жатқан көктемнің қуанышындай мереке күні барынша дастархан мәзіріне мән беріледі. Қостанайдың ортасындағы Сити орталықта екі иығынан демалып самаурын қайнап тұрды, қазаннан палаудың буы бұрқырайды, майшелпек, тәтті иісі мұрынды қытықтаған кәуаптары тағы бар.

«Мирас» мәдениет үйінде мерекеге арналған халық көркемөнерпаздарының концерті болса, орталықта халықтық сенім бойынша Масленица символын қызықтаушылар мен оның қасында суретке түскендер қарасы мол болды.

Масленица мерекесі ауыл-селоларда да өтті. Мерекенің бас белгісі Масленица тұлыпы міндетті түрде жасалады. Тұрғындардың айтуынша, Масленица тұлыб-қуыршағын әдетте ауырған адамдардың киімінен жасайды. Мерекеден кейін Масленицаны өртеп жібереді. «Ауру-сырқаудың, жамандықтың, ауырлықтың барлығы Масленицамен бірге кетсін» деген сенімнен туған соң, оны өртеу де көңілді өтеді.

Мерекеде жиналған жұрт ән шырқап, би биледі.

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай