• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
11 Наурыз, 2019

Қазақстанға Испаниядан Plano a Plano кинематографистері келді

931 рет
көрсетілді

«Осыдан біраз уақыт бұрын Қазақстанға Испаниядан мадридтік Plano a Plano жетекші кинокомпаниясы кинематографистері келген болатын. Алматы, Қарағанды, Астана қалаларында болған олар біздің елге деген сүйіспеншілігін жасыра алмады. Қазіргі таңда біз тарихи киножоба бойынша ынтымақтастық мүмкіндігін талқылаудамыз. Испандық продюсерлер мақсатты түрде Қарлаг пен «АЛЖИР» музейлеріне барып, Қарағанды облысына жер аударылған әскери тұтқындар мен репрессияға ұшырағандар тақырыбын терең зерттеуге кірісті. Фильм Қазақстан тарихындағы қиын-қыстау кезең - 40-50-ші жылдар туралы болмақ», деп жазды Арыстанбек Мұхамедиұлы фейсбук парақшасында.

«Қарлаг - 1930-1950-ші жылдардағы ірі еңбекпен түзеу лагерлерінің бірі екені белгілі. Мұнда әртүрлі елдердің көптеген өкілдерімен қатар 150 испандық әскери тұтқын болған. Қазақстан сол қасіретті жылдар туралы архив құжаттарын ресми түрде Испанияға берген КСРО құрамындағы республикалардың ішіндегі бірінші ел болды. Бұл құжаттар тұтқындардың туыстары мен жақындары және зерттеушілер үшін баға жетпес айғақтар болды. Қазақстанға Plano a Plano кинокомпаниясы өкілдері продюсерлер Цезарь Бенитес, Эмилио Амаре, сценарийшілер Хуан Карлос пен Росио Мартинез келді. Елімізге келмес бұрын олар испандық Энрико Гаспар Родригестің «Қарағандыда ұмытылғандар» деректі фильмін көріп, ондағы тұтқын испандықтардың тағдыры ерекше әсер етіпті. Қазақстан тарапынан «Жаңа әлем» продакшн» компаниясы жоба бойынша келіссөздерді жүргізуде», деді Министр.

«Қазақстанға сапарымыз біз үші өте пайдалы және әсерлі болды. Біз сіздердің ұлы елдеріңіз, оның қиын да қызық тарихы туралы білдік, - деді Plano a Plano кинокомпаниясы продюсері Цезарь Бенитес. - Қазақстан халқының қайырымдылығы, тарихы бізді шабыттандырды, локациялар да ұнады. Қазақстанмен бірлесе репрессия кезіндегі адамдар тағдыры мен қарым-қатынастарын суреттейтін көркем фильм түсірмекшіміз. Біз әртүрліміз, айырмашылықтарымыз бар, бірақ бізге ортақ дүниелеріз жетерлік».

Продюсер Цезарь Бенитес 30 астам көркем фильм мен 20 шақты сериал түсірген тәжірибелі маман. Оның картиналарында басты рөлдерде атақты Пенелопа Круз бен Хавьер Бардем ойнады. Бардем тұңғыш марапатты Испанияда ең салиқалы «Гойя» премиясында Цезарь Бенитес продюсер болған «Бетпе-бет» фильмі үшін алғанын, ал олардың «Шындық» сериалы 135 елге сатылғанын айта кеткен жөн. Испандықтардың Netflix, Amazon сынды ірі платформалармен ынтымақтастық тәжірибесі мол, сондықтан олар қазақстан-испан фильмі халықаралық аудиторияның, әсіресе испан тілінде сөйлейтін елдердің қызығушылығын туындатады деген үмітте.

Сондай-ақ министр жақында қабылданған «Кинематография туралы Заң» копродакшндегі халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге, кинорынок мамандарын тартуға және Қазақстанды халықаралық аренада көбірек көрсетуге мүмкіндік береді. Біз ынтымақтастық пен серіктестікке дайын екенін жазды.