• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қысқы спорт 12 Наурыз, 2019

Астаналық Яна Хан Универсиаданың қола жүлдесін иеленді

951 рет
көрсетілді

Красноярск қаласында өткен Универсиадада шорт-тректен ерлер мен әйелдер құрамалары ел қоржынына 2 қола медаль салды деп хабарлайды astana.gov.kz

Астана қаласы мәдениет және спорт басқармасында белгілі болғандай, ерлер мен әйелдер командалары арасындағы эстафеталық сайыстар соңғы жарыс күні өткізілді. Жарыс жолына алдымен әйелдер командалары шықты. Ақтық сында Қазақстан, Ресей, Оңтүстік Корея және Жапония құрама командалары бәсекеге түсті.

Жарыс қорытындысы бойынша ресейлік, жапон және қазақстандық спортшылар жеңіс тұғырына көтерілді. Ерлер арасындағы жарыста да аталған елдердің командалары күш сынасты. Эстефетада оңтүстіккореялық спортшылар абсолютті жеңімпаз атанып, Универсиадада алтын медальды қанжығасына байлады. Күміс жүлде ресейліктерге, ал қола жүлде қазақстандық спортшыларға бұйырды.

Жапондықтар 4-орында. Шорт-тректен Қазақстан құрамасының сапында Астана қаласының №2 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы Яна Хан өнер көрсетті.

«Универсиада жүлдегерлерінің арасында астаналық спортшының бар екеніне қуаныштымыз. Янаға табандылығы мен шыдамдылығы үшін рахмет. Бұл жетістігінің арқасында Яна Хан «Шорт-тректен Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атанады», – делінген Астана қаласы мәдениет және спорт басқармасының хабарламасында.