• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Үкімет 12 Наурыз, 2019

Туризмді дамытудың арқасында 75 мыңнан аса ауыл тұрғындары тұрақты жұмыспен қамтылатын болады – А. Мұхамедиұлы

1090 рет
көрсетілді

Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады. 

«Туристік саланы дамыту бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында 200-ден астам инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр, сондықтан ауылдық жерлерден 72 мың адамды біз тұрақты жұмыспен қамтимыз. Өздеріңіз білетіндей, біздің ерекше қорғалатын табиғат аумақтары ауылдық жерлерде орналасқан. Сондықтан дұрыс тәсіл, сапалы менеджмент қолданылып, инфрақұрылым дамытылған жағдайда біз оларға жұмыс бере аламыз. Бұл нақты сан, біз орындалмайтын міндеттер қоймаймыз. Екі жыл бұрын біз Алакөлдегі белгілі шипажайымызды дамытқанда, бұған көбі сенбеген. Ал қазір ол жерде отельдер ашылып жатыр, келушілер саны да жылдан-жылға артып келеді», — деді министр.

Туристік тұрғыдан тартымды деп саналатын жерлердің ТОП-10 тізімі жасалды. Оған Алакөл мен Балқаш жағалаулары, Щучинск-Бурабай, Баянауыл, Имантау-Шалқар шипажай аймақтары, Алматы тау кластері, Маңғыстау, Түркістан мен Астана кіреді. Олардың басым бөлігі ауылдық жерлерде орын тепкен.

Сонымен қатар баспасөз конференциясында министр транзиттік туризмді дамыту жоспарлары туралы айтып берді.

«Мысалы, бізге Делиден Алматыға басқа елдерге ұшу үшін туристер келеді дейік. Мемлекеттік бағдарлама аясында біз шетелдік туристер үшін 72 сағаттық визасыз транзитке арнап жағдайларды арттыруды ұсынамыз, яғни олардың осы жерде болып, қаламен танысып, оны аралап көрулері үшін», — деді министр, жылдам дамуна орай Астана және Алматы қалалары аз уақыт ішінде транзиттік туризм орталықтарына айнала алатынын атап өтіп.