Қоғамдық көліктердің қозғалысы тұрғын үй алабына апарар жолдың су астында қалуына байланысты өзгеріп отыр деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
12 наурызда сағат 17:00-ден бастап № 302, 303 және 320 бағдарлардың қозғалысы «Лесная поляна» тұрғын үй алабын су басуына байланысты өзгертіледі.
«Бағдарлар тұрғын үй алабына кірмей, Республика даңғылының бойымен қозғалатын болады», – делінген «Астана LRT» ЖШС баспасөз қызметі таратқан хабарламада.