15-17 наурыз күндері Екатеринбургте (Ресей) дзюдодан әлемдік «Grand Slam» турнирі өтеді. Жарысқа 48 елден 403 дзюдошы қатысады. Қазақстан сапынан 20 спортшы татамиге шықпақ.
Olympic.kz турнирге қатысатын спортшылар тізімін назарларыңызға ұсынады.
Ерлер:
Елдос Сметов (-60 кг)
Ғұсман Қырғызбаев (-60 кг)
Елдос Жұмақанов (-66 кг)
Есет Қуанов (-66 кг)
Мадияр Сембаев (-73 кг)
Бекәділ Шаймерденов (-73 кг)
Бекжан Абдуалиев (-81 кг)
Руслан Мусаев (-81 кг)
Ислам Бозбаев (-90 кг)
Виктор Демьяненко (-100 кг)
Ерасыл Қажыбаев (+100 кг)
Әйелдер:
Ақмарал Науатбек (-48 кг)
Севара Нишанбаева (-57 кг)
Ақниет Тұрдан (-63 кг)
Иоланта Бердібекова (-63 кг)
Зере Бектасқызы (-70 кг)
Мөлдір Нарынова (-70 кг)
Зарина Райфова (-78 кг)
Камила Берліқаш (+78 кг)
Гүлжан Исанова (+78 кг)
Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сәйкес «Grand Slam» турнирінің жеңімпазы атанған дзюдошыға әлем рейтингінде 1000 ұпай, күміс жүлдегерге – 700, ал қола жүлдегерге 500 ұпайдан қосылады.