12 наурызда қаланы қардан тазалау жұмыстарына мамандандырылған техниканың 650 бірлігі жұмылдырылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Бір тәулік ішінде қала сыртына шығарылған қардың жалпы көлемі 36 180 текше метрді құрайды. «Астана Тазалық» қала сыртына қардың 22 606, өзге мекемелер 13 439 текше метрін шығарды. «16 қазан мен 12 наурыз аралығында қала сыртына шығарылған қардың жалпы көлемі 2 741 569 текше метрді құрайды. 13 қазан мен 12 наурыз аралығында құм-тұз аралас қоспаның 25 320,5 текше метрі себілді. 21 қарашадан бүгінге дейін көктайғаққа қарсы реагенттің 491,72 тоннасы шашылды», – делінген «Астана Тазалық» ЖШС-нің хабарламасында.