• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Наурыз, 2019

Баланы құтқарған қызылордалық тәртіп сақшылары марапатталды

1046 рет
көрсетілді

Облыстың мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Абзал Мұхимов қауіпті жағдайдағы баланы құтқарып қалған тәртіп сақшыларын қабылдады.

«Шұғыла» ауданында көп қабатты үйдің жоғары жағында ашық қалған терезесінен жақтауға шығып, отырған баланы байқаған полиция аға лейтенанты Жасұлан Сарбалаев газ құбыры арқылы жоғары өрмелеп, бүлдіршінді ішке алып өтеді. Ал, полиция мойоры Бауыржан Алдабергенов ата-анасын анықтауға кіріскен. Сүйте, анасы жұмыста, әкесі дүкенге шығып кеткен екен. Үш жасар бала үлкендер жоқ болған соң елегізіп, ашық терезеден шығып, далаға қарап отырған. Егер полицейлер дереу шешім қабылдамағанда оқиғаның ауыр аяқталары сөзсіз еді.

Департамент басшысы «бұл жағдай өзгелерге үлгі болады. Ерліктеріңіз үшін мемлекеттік қызметкерлер атынан рахмет айтамыз» деді.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

Қызылорда облысы