• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
13 Наурыз, 2019

Қарағанды облысында газеттер дронмен жеткізіледі

895 рет
көрсетілді

Қарағанды облысындағы Нұра ауданының шалғай жатқан ауылдық елді мекендеріне 2019 жылдың 1 мамырынан бастап республикалық газеттер дронның көмегімен жеткізілетін болады.

Облыста былтырдың өзінде мұндай тәжірибе сынақтан сәтті өткен. Ол кезде ұшу аппаратының көмегімен Ұлытау, Ақтоғай және Осакаров аудандарындағы 5 елді мекенге жалпы салмағы 1677 кило тартатын мерзімді басылымдар жеткізілген болатын.

«Қазпоштаның» бұл жобасы «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Adrome Automation» ЖШС-мен бірге іске асырылып жатыр. Газеттерді жеткізу үшін «Адром Феникс 2.2» және «Адром Феникс 3» маркалы дрондар пайдаланылады. Бұлар 2 және 4 кило жүкті алып 70 шақырымға дейін ұшып бара алады.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды