АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты жалғасуда. 13 наурыз күні Қазақстан атынан екі спортшы зілтемір сахнасына шығады деп жазады Olympic.kz.
Атап айтар болсақ, бүгін 81 келіге дейінгі салмақта Ольга Пастухова мен 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі Рахат Бекболат жүлдеге таласады.
Бүгінге дейін Қазақстан құрамасы әлемдік сыннан үш алтын медаль ұтып алғанын хабарлаған болатынбыз.