• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
16 Наурыз, 2019

Білім және ғылым министрі К.Шәмшидинова Жаңаөзенде ұстаздармен кездесті

1130 рет
көрсетілді

Министр мектеп-гимназияның педагогикалық құрамымен кездесті. Сондай-ақ, Күләш Шәмшидинова IT-сыныбы мен робототехника сыныбындағы оқушылардың жұмысымен танысты.

2018 жылы Маңғыстауда 6300 орындық 9 мектеп пайдалануға берілді. Жаңаөзен қаласында 2018-2019 оқу жылында 2 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Жалпы, қалада 24 орта мектеп жұмыс істейді, онда 30579 оқушы оқиды.

Бас мұғалім атап өткендей, 1 шілдеден бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 30% - ға дейін артқаннан кейін қаладағы жоғары санаттағы мұғалімнің жалақысы 158034 тг, ауылдық жерлерде-180908 тг құрайды. Министрдің пікірінше, жалақының артуы мұғалімдердің өмір сүру деңгейін көтереді, жұмыстың сапасына әсер етеді және жас мамандар үшін жақсы бастама болмақ.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Egemen Qazagstan»

Маңғыстау облысы