• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Медицина 18 Наурыз, 2019

Мұндай көмек ешқашан болып көрмеген еді

907 рет
көрсетілді

«Нұр Отан» партиясының кезекті съезінен кейін миллиондаған қазақстандық бір серпіліп қалды, біз де қатты риза болдық. Елбасы Н.Назарбаев өзінің баяндамасында мемлекетіміздің әлеуетінің мол екенін көрсетті. 

Шынында Қазақстанның мүм­кіншілігі өте зор, бай мемлекет қой. Президент енді сол мүмкіншіліктің бәрін халықтың әл-ауқатын күрт арттыруға бағыт­тағаны қандай қуаныш. Біз, әсіресе көп балалы аналар үшін қуандық. Енді әр балаға 21 мың теңгеден көмек көрсетілетін болды. Бұл аз қамтылған отбасылар үшін үлкен көмек, мен оны өмірдің жарқын екенін көрсетуге жол ашатын нұрлы сәуле деп айтар едім. 

Елбасы өзінің сөзінде жер­гілікті жолдарды салу мен жөн­деуге бюджеттен 350 млрд теңге бөлінетінін айтты. Ол облыс пен аудан ішіндегі жергілікті жол­дардың сапасын арттыруға жұм­салып, 2025 жылға қарай осындай жолдардың 95 пайызы жоғары деңгейге жеткізілетіні айтылды. Мәжіліс депутаттары аймақтарға шығып, сайлаушылармен кездес­кен сайын осы мәселе қозғалып, біз оны шешуге өз тарапымыздан үн қосатынбыз. Бірақ бұл мәселе өзінің түбегейлі шешімін таппай, іс қаржының тапшылығына тіреліп, тоқтап қалатын. Енді орасан зор көлемде қаражат қарастырылып отырған соң жолдардың түпкілік­ті жөнделетінінен үміттіміз. Бұл да ауыл мен селоларда тұратын ха­лықты қуанышқа бөлері сөзсіз. 

Елбасы өзінің сөзінде ден­сау­лық сақтау саласына да үлкен назар аударды. Бұл саланы дамытуға 120 млрд теңге қарастырылып отыр. Президенттің шағын және моно­­­­қала­ларды дамытуға да көңіл ­бөліп, оларды өркендетуге жыл сайын 10 млрд теңге бөлуді тапсырғанын да үлкен жетістік деп санаймын. Осындай елді мекен тұрғындары үнемі өздерінің коммуналдық қыз­меттерге зәру екенін айтып жүре­тінін талай жерде көрген едік. 

Енді барлық әлеу­ме­т­т­ік мәсе­лені шешуге 2 трлн теңге­ден ас­там орасан зор кө­лем­дегі қара­жат­тар бөлініп отырғанда «қаржы жет­пейді» деп айтуға атқару­шы орган­дар ұялатын шы­ғар деп ойлаймыз. Әрине, бұл жер­де қаражатты үнем­ді және тиім­ді жұмсауға тиісті ор­­­та­л­ық ат­қа­ру­шы органдар бас­шы­­­­лары мен жергілікті әкімдер­дің жауап­­­кер­шілігі арттырылуға тиі­с­ті. През­идент бұл мәселеге де жіті назар аударып, «Халыққа кө­мек» жоба­сын қолға алып отыр. Бұл мәсе­л­еде біздің партиямыз да «Нұр Отанға» қолғабыс жасап, Мем­­лекет басшысының тапсыр­ма­­­лары­­ның дұрыс орындалуын қада­­ға­лауымыз керек деп санаймын. Өйткені мемлекеттік бюджет бәрі­мізге де ортақ, халықтың қамы үшін бөлінетін қаражаттың пайдалы іске жұмсалуы бәрімізге де тиімді. 

Жамбыл АХМЕТБЕКОВ, 

Мәжіліс депутаты