Сенбі, 16 наурыз күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин «Ақтөбе» индустриялық аймағын аралап, «Ақтөбе» ӘКК-нің қызметі туралы есепті тыңдады.
Индустриалды аймақта Оңдасын Оразалин «Фаэтон» A-класс сауда-логистикалық орталығының, «Поливест» ЖШС-нің полиэтилен өнімдерінің, «Ақтөбе ТОPSА Пласт» ЖШС антифризді және химиялық реагенттерінің, «TALAN Technology» шиналарын жою цехтарының жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар, облыс әкімі «FIBC KAZAKHSTAN» ЖШС-нің ірі қаптарының шеберханасының және «Зерде-Керамика Ақтөбе» ЖШС-нің керамогранит және керамикалық плиткалар өндіретін зауытты іске қосу дайындығын жоғары бағалады.
«Поливест» ЖШС облыс әкіміне тез құрастырылатын әмбебап рамалық шатыр ангарларын жабық спорт залдары ретінде шығару жоспарлары туралы хабардар етті. Осындай құрылымдардың маңызды артықшылықтары құрылыстың жылдамдығы және салыстырмалы түрде шығындары төмен болып отыр. Облыс әкімі бұл технологияның ауылдағы мәдени-сауықтыру және спорттық нысандардың желісін кеңейту үшін белсенді түрде қолданылу керектігін атап өтті.
«Бұл спортпен айналысуға ғана емес, қажет болса, концерт қойылуы үшін көпқұрылымды нысан болуы керек. Әкімшілік блокты, әртүрлі жас санаттарына арналған үйірмелер залдарын қамтитын жаңа жоба жасаңыз. Егер шығындар қолайлы болса, біз оны өңірде іске асырамыз», - деді Оңдасын Оразалин.
Содан кейін облыс әкімі «Ақтөбе» ӘКК қызметі туралы баяндаманы тыңдады. Корпорацияның басшысы Әнуарбек Маханов 2019 жылға арналған жоспарларға тоқталып, 23,3 млрд. теңгенің 8 жобасын егжей-тегжейлі талқылады, олар ағымдағы жылы іске қосуға жоспарланған.
Баяндаманы тыңдаған облыс әкімі индустриалды аймақтың негізгі операторы ретінде жобаларды іске асырудың айқын жоспарлары мен мерзімінің жоқтығы, жоғары технологиялық өндірістерге инвестиция салуға дайын инвесторларды тарту бойынша әлсіз жұмысы үшін корпорация жұмысын сынға алды.
Есептің қорытындысы бойынша облыс әкімі барлық бағыттар бойынша жұмысты күшейту жөнінде бірқатар тапсырмалар берді, бұл инвестицияларды тарту ӘКК негізгі міндеті болып табылады.
«Инвесторлар үшін ең қолайлы жағдай жасау керек, олар үшін мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігінше оңай болуы керек. Мен бизнеспен айналысатын барлық мемлекеттік органдарға ескертемін, егер сіздердің тарапыңыздан тосқауылдар жасау туралы кем дегенде бір шағым жасалса, сұраныс қатал болады. Кәсіпкерлікті дамыту, инвестицияларды тарту - бұл Елбасының орындалуы тиіс тапсырмалары», - деді Оңдасын Оразалин.
Жұмыс сапары полигон аумағында орналасқан тұрмыстық қатты қалдықтар сұрыптайтын кешен жұмысымен, сондай-ақ облыс орталығының ағынды суларды тазарту қондырғыларын жаңғырту жобасын жүзеге асыру барысымен жалғасты. «Ақбұлақ» АҚ президенті Асан Ыбраевтың айтуынша, бұл жобаның жалпы жұмысының құны 16,8 млрд. теңгені құрайды. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу жұмыстары жалғасуда. Оны жүзеге асыру бес жылға жоспарланған.
Оңдасын Оразалин «Ақбұлақ» АҚ басшылығына экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету - өмір сапасының ең маңызды көрсеткіші екенін, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдарға қаланың экологиялық жағдайын жақсарту жөніндегі шараларды күшейтуді, соның ішінде Ақтөбедегі жағымсыз иіс көздерін жоюды ерекше тапсырды.
Сондай-ақ ол Асан Ыбыраевқа «Ақбұлақ» АҚ қызметіне қатысты азаматтардың шағымдарын қанағаттандыру бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды. Соңғы күндерде әлеуметтік желілерде қаланың түрлі аудандарындағы суық судың жоқтығы туралы үш шағым жарияланғанын ескертті. Аймақ басшысы барлық коммуналдық қызметтер мен мемлекеттік органдардың облыс тұрғындарының шағымдардына барынша тезірек жауап беруге міндетті екенін атап өтті.
Бұдан басқа, облыс әкімі «Ақтөбе Стройтехнология» автоклавты газдалған зауытын аралады. Өндіріспен танысқаннан кейін облыс басшысы кәсіпорынның қызметіне оң бағасын беріп, одан әрі табысқа жетуді тіледі.
Темір ҚҰСАЙЫН,
«Egemen Qazaqstan»