• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Наурыз, 2019

Е.Біртанов: Қатерлі ісік диагнозымен диспансерлік байқауда 181 000 пациент тұр

1540 рет
көрсетілді

2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қатерлі ісік диагнозымен диспансерлік байқауда 181 000 пациент тіркелген. Бұл туралы Үкімет сағатында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.

«2018 жылы 35 753 адам алғаш рет есепке алынды, оның 44,3%-н ерлер және 55,7%-н әйелдер құрайды. Обырдан қайтыс болғандардың арасында ерлер 53,8%-ды алып отыр. Алғаш ауырғандардың 60%-ға жуығы - 18 жастан 63 жасқа дейінгі еңбекке қабілетті жастағы адамдар» деді Е.Біртанов.

Министрдің айтуынша, сырқаттанушылық құрылымында сүт безінің обыры (12,6%), өкпе обыры (9,9%), асқазан обыры (9,9%) алдыңғы орындарда, ары қарай жатыр мойны обыры және жуан ішек обыры(4,7%) құрап отыр.

«Өлімнің негізгі себептері өкпе обыры (16,5%), асқазан обыры (11,5%), сүт безінің обыры (8,4%) болып отыр. Онкологиялық пациенттердің жыныстық-жас ерекшеліктері және сырқаттанушылық пен өлім құрылымының Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінен айырмашылығы жоқ» деді ол.