• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
18 Наурыз, 2019

Ақтөбе облысының әкімі Жазушылар одағының төрағасымен кездесті

1281 рет
көрсетілді

15 наурыз, жұма күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин ҚР Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулетпен, одақ төрағасының орынбасары Мереке Құлкеновпен және ақын, «Жазушы» баспасының басшысы Есенғали Раушановпен  кездесті.

Кездесу кезінде Ұлықбек Есдәулет облыс әкімін Қазақстан Жазушылар одағының ағымдағы қызметі мен жобалары жайында хабардар етті. Соның ішінде, біздің өңірде айтыс, жазушылар мен ақындардың шығармашылық байқауларын, көркем көрмелер мен басқа да мәдени-ағарту іс-шараларын өткізуді қарастыратын «Асқақтаған Ақтөбе» кешенді жобасы таныстырылды. Бұдан басқа, Жазушылар одағының төрағасы ұйымның Ақтөбедегі филиалын дамытуға жан-жақты қолдау көрсетуді сұрады. Облыс әкімі барлық ұсыныс-өтінішті қолдады.

«Қоғамның рухани дамуы мен мемлекет экономикасының дамуы тығыз байланысты. Сіз айтқан ұсыныстар Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасында қойған тапсырмаларына сәйкес келеді. Біз олардың жүзеге асырылуын қолдаймыз»,- деді Оңдасын Оразалин.

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Egemen Qazagstan»