• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Қыркүйек, 2012

Дүние және дағдарыс

245 рет
көрсетілді

Дүние және дағдарыс

Бейсенбі, 27 қыркүйек 2012 7:05

Еуропада жүзімдіктер өнімділігі күрт төмендеді

Басты жүзім өндіруші болып табылатын бірқатар Еуропа ел­де­рінде оның өнімділігі күрт тө­мен­деп кетті. Әсіресе, Португалия, Франция, Испания, Италия, Грекия елдерінде жағдай оңбай отыр.«Бірқатар өңірлерде өнімділік 40 пайыздан астамға төмендей түсті. Сондықтан жиынтық өнім көлемінің құлдырауы 20-30 па­йызға дейін болуы мүмкін», дейді Португалиядағы жүзім өндіру­шілердің бірі Дэвид Беверсток.

Бейсенбі, 27 қыркүйек 2012 7:05

Еуропада жүзімдіктер өнімділігі күрт төмендеді

Басты жүзім өндіруші болып табылатын бірқатар Еуропа ел­де­рінде оның өнімділігі күрт тө­мен­деп кетті. Әсіресе, Португалия, Франция, Испания, Италия, Грекия елдерінде жағдай оңбай отыр.«Бірқатар өңірлерде өнімділік 40 пайыздан астамға төмендей түсті. Сондықтан жиынтық өнім көлемінің құлдырауы 20-30 па­йызға дейін болуы мүмкін», дейді Португалиядағы жүзім өндіру­шілердің бірі Дэвид Беверсток.

Бургундиядағы жағдай бұдан да нашар. Жүзім өсіретін бір­қа­тар коммуналарда шелектеп құй­ған қатты жаңбыр жүзімдіктердің 80 пайызын жайпап кетті. Ал Луарда жүзім жинау жуықта ғана ба­с­талғанымен, мұндағы өнім көлемі де қалыпты деңгейден көп төмен. Испандықтар алынып жат­қан өнім түсіміне риза болмай отыр.Италияда биылғы жаздың өте ыстық болуынан оған төзімсіз бір­қатар сорттар мүлдем күйіп кеткен. Грекияда да биыл жаз өте құрғақ болды. Сондықтан өнім мұнда 20 пайызға азайған.Алайда, соған қарамастан, сарапшылар жүзім бағасының өс­пей­тіндігін айтып, тұтыну­шылар­ды жұбатып отыр. «Еуропада жү­зім бағасының өскендігімен, одан жасалатын шараптар бағасы өсе қоймайды. Бұған зауыттар жол бермейді. Әйтпесе, олар өз тұ­ты­нушыларынан айырылып қа­ла­тын болады», дейді сарапшылар.

Мадридтегі үкіметке қарсы ше­руге ондаған мың адам қа­тыс­ты

Өткен сенбі күні ондаған мың испаниялықтар премьер-министр Мариано Рахой үкіметінің жүргі­зіп отырған саясатына қарсы­лық­тарын білдіріп, көшеге шықты.«Мадридтегі марш» аталатын бұл шеруді ұйымдастырушылар оған бірнеше жүздеген мың адам қатысты деп мәлімдеді. Ал үкімет өкілдері шеруге шыққандардың санын 65 мың адам болды деп көрсетуде. Наразылық акциясы сондай бір қауіп-қатерсіз өтке­ні­мен, полицияның арнаулы жасақ­тары кейбір жерлерде шеруге шы­ғушыларға тоқтам жасап, олар­­дың премьер-министр басқа­ратын Халықтық партиясының бас офи­сіне өтіп кетуіне жол бермеген.Шеру «Олар біздің елімізді тал­­қандағысы келеді, біз оған жол бермеуге тиістіміз» деген ұран­мен өткен.Акцияға қатысушылар осыдан бірнеше ай бұрын қабылданған шараларға қарсылықтарын біл­дір­ді. Мұның мәнісі осыдан біраз бұрын Испанияда реформа жасау қажеттігі туралы референдум өт­кізу жөнінде шешім қабылданған болатын. Акцияға қатысушылар өз­дерінің жағдайына кері әсер ете­тін реформалық шараларды мүл­дем қажетсіз деп тауып отыр.

Грекия президентінің жалақысы екі есе қысқаратын болды

Грекия президентінің қызмет­тік еңбекақысы екі есе қысқа­ра­тындығын осы елдің қаржы ми­нистрінің орынбасары Христос Стаикурас мәлімдеді. Оның айтуынша, осы жөніндегі заң жобасы парламентке жөнелтілген.Қаржы министрінің мәлім­деуінше, мұндай шараға баруды ең алдымен ел президенті Каролос Папульястың өзі жөн көріп отыр. Мұндай қадамға президент елдегі дағдарыс жағдайына байланысты барған.Бұрын Грекия президенті әр ай сайын 23,122 мың еуро жа­ла­қы алатын. Бұл парламент де­пу­та­­тының жалақысынан 4 есе көп.Қысқартулар сондай-ақ елдің бұ­рынғы президенттерінің зей­нетақысына да қатысты жүр­гі­зіл­мек. Ал ол зейнетақы мөлшері пре­­зидент жалақысының тең жар­­тысын құрап келген екен.Бұл қысқартулар мемлекеттік бюджет шығынын 352,350 мың еу­роға азайта түсуге мүмкіндік бер­мек.Каролос Папульястың пікірі бойынша, енді мұндай қадам­дар­ға министрлер мен басқа да мем­лекеттік қызметкерлер баруға тиіс­­ті.Қазіргі күні Грекия бас­шы­лы­ғы Еуропалық одақ және халық­аралық валюта қорымен Грекияға қосымша қаржы көмегін бөлу жөнінде күрделі келіссөздер де жүр­гізу үстінде. Олар дәл осындай шақта елдегі мемлекеттік қыз­меткерлердің төмендегідей ша­ра­ларға баруы келіссөздердің оң нәтиже беруіне ықпал етеді, деп үміттенетін секілді.

Еуропадағы дағдарыс жылжымайтын мүлік бағасына әсер етуде

Еуропадағы жылжымайтын мү­­лік бағасы төмендей түсуде. Осы­ны есепке алған ресейлік жыл­жымайтын мүлік сатып алушылар қа­зіргі күні аталған өңір­ден тұрғын үйлер мен пәтерлер сатып алуға ерек­ше назар аударып отырған кө­рінеді.Бұл жағдай рrian.ru порта­лы­ның сауалнама қорытындысында анық­талған. Сауалнамаға жауап берген ресейліктердің 50,1 пайызы өздерінің Еуропадан жылжымайтын мүлік сатып алуға ықы­лас­ты екендіктерін жеткізген. Се­бебі, он­дағы баға төмендеп келеді. Осыған байланысты Еуропадағы жақсы жер­лерден тұрғын үйлер мен пәтер сатып алудың мүм­кін­дігі қалып­тасқан.Респонденттердің 29,9 пайызы қазірдің өзінде аталған өңірден жылжымайтын мүлік сатып алуға нақты шешім қабылдаған­дық­та­рын жеткізген. Ал 19,9 пайызы жылжымайтын мүлік сатып алу ойларында бар екендіктерін, бірақ әлі де болса артын тоса тұра­тын­дықтарын айтқан.Көптеген ресейліктер ең алдымен Болгарияға назар аударып отыр­ған секілді. Себебі, мұнда баға басқа Еуропа елдеріне қара­ғанда, әлдеқайда төмен. Бірақ Бол­гарияның Қара теңіз жаға­сын­да орналасуына байланысты мұн­да тұру өте қолайлы.Ресейліктер назарында мұнан кейін Испания, Германия, Италия, Черногория, Финляндия, Чехия, Латвия, Франция және Түркия ел­де­рі тұрған көрінеді. Ал сауал­на­маға қатысқандардың басым көп­шілігі Еуропадан тысқары жерлерден тұрғын үйлер мен пә­тер­лер сатып алуға ықыластарының мүлдем жоқ екендігін білдірген.

Еуроаймақтағы жағдай – әлем экономикасына басты қатер

Халықаралық валюта қоры­ның бөлуші директоры Кристин Лагард 24 қыркүйек күнгі Ва­шинг­тондағы Халықаралық экономика институтында сөйлеген сөзінде Еуроаймақ елдері ұрынып отырған борыш дағдарысы әлем экономикасы үшін басты қатер болып қала бере­тін­дігін тағы да мәлімдеді. Осыған орай ол Еуропа мен АҚШ-тан әлем­дік экономиканы жандандыру үшін неғұрлым шешімді шараларды талап етті.Кристин Лагардтың айтуынша, қазіргі күні әлем экономикасы аздап та болсын қалпына түсіп ке­ле­ді. Бірақ бұл өте баяу жүр­гі­зі­луде. Әлем экономикасының қа­лып­қа ке­луі күткендегіден көп тө­мен болып отыр. Міне, сон­дықтан да қазіргі күні Еуропа өз ауруынан айыға алған жоқ.Халықаралық валюта қоры­ның басшысы жоғарыдағы жағ­дайларға байланысты Еуропалық орталық банк жоспарлап отырған дағдарыс жағдайындағы елдерден облигацияларды сатып алу ісіне кірісуді дағ­дарыспен күрестің бетбұ­рыс­ты сәті болады деп есеп­тей­тін­дігін жеткізді. Міне, осындай кезде дағдарыспен күресті одан әрі күшейте түсу үшін Еуропа елдері мен Америка Құрама Штаттары бірлесе отырып не­ғұр­лым ше­шім­ді әрекеттерге кіріс­кені жөн болар еді. Бұл әсіресе, Еуропаға қажет. Сондықтан еуро­палық елдер басшылары неғұр­лым бір­лікте әрекет еткені жөн. «Бұл жолы бізге қысқа мерзімді шаралармен шектеліп қалмай, не­ғұрлым тұрақты өсімге қол жет­кізу үшін батыл қимылдарға бару қажет», деді ол.Осыған орай Кристин Лагард еуроаймақта бірыңғай қадағалау органы жұмыс істей алатын банк одағын құруды жақтайтындығын білдірді. Оның айтуынша, бұл орган оларға аймақтағы дағдарыс үстіндегі несие институттарын ті­келей қаржыландыруға мүм­кін­дік берген болар еді. Міне, осындай жағдайда ғана дағдарыстың қа­лың­дай түскен тұманды шебін жа­рып шығудың қажетті алғы­шар­ты қалыптаспақ.Сонымен қатар, Халықаралық валюта қорының басшысы АҚШ-ты мемлекеттік шығындарды тұ­тастай азайту, салықтарды көтеру шараларының туындауы мүмкін қауіп-қатерлерінен сақтандырған. Бұл жағдай, оның айтуынша, қа­зіргі күні бүкіл әлем экономикасы зардап шегіп отырған рецессия қаупін қайта туындатуы мүмкін. Кристин Лагард көп өтпей Вашингтонда саясат жағдайы қай­та­дан ретке келіп, қалыптасып отыр­ған аса зор мемлекеттік қа­рыз­ды шектеудің  нақты жоспары пайда болады деп үміт­тене­тін­ді­гін білдірді.

Қиындық неміс автокөлік өндірушілеріне де жетті

Интернеттегі жаңа хабарларға қарағанда, жоғары кластағы авто­көліктер шығаратын неміс өнді­ріс­шілері сату мен пайда көлемін төмендете түсуді жоспарлап отыр­ған секілді. Мәселен, Daimler ком­паниясының өкілі алынатын биыл­ғы кірістің көлемі былтырғы 5 миллиард еуро деңгейіне жете алмайтындығын мәлімдеген. Со­ған байланысты компания өзі­нің үнемдеу бағдарламасын іске қо­су­ға ниет танытып отырған көрінеді.Сөйтіп, Еуропаны кернеп ал­ған дағдарыс енді бұл жағдайға осы уақытқа дейін бой бермей келе жатқан автокөлік өндіруші­лер­дің де аяғына тұсау сала бастаған секілді.Осы уақытқа дейін неміс компаниялары Fiat, Ford, Peugeot се­кілді өздерінің басқа өңірлердегі әріптестеріне қарағанда, өздерін әлдеқайда мықтырақ сезініп келген болатын. Аталған компаниялар Еуропа рыногындағы өз өнім­дерінің сату көрсеткіштері төмен­дегендігін айтып, уайым шегіп жатқан кезде неміс менеджерлері конъюнктуралық құлдырау қақпа­нына түсе қоймайтындықтарын мә­лімдеп те үлгерген болатын. Бұ­ған бір есептен Қытай авто­кө­лік рыногындағы даму жағдайы себепкер болған еді. Ал  Daimler компаниясы өкілінің ендігі мә­лім­деуінше, бұл рыноктағы жағдай да неғұрлым күрделі сипат ала бастаған. «Жағдай біз күткен­де­гі­ден де нашарлап барады. Осыдан біраз уақыт бұрын ғана біз өзі­мізді неғұрлым мықтырақ сезініп едік. Енді қауіптенуге күтпеген не­гіз қаланып отыр», деді ол.Қауіп-қатерді сезініп отырған неміс өндірісшісі тек Daimler компаниясы ғана емес көрінеді. Бұған дейін Porsche компаниясы басқар­масының төрағасы Маттиас Мюллер өздерінің келесі жылғы жос­парларына өзгеріс енгізу ниеті бар екендіктерін мәлімдеген болатын. Бұл компания осының алдында өз автокөліктерін әлем бойынша сатуды келесі жылы едәуір арттыра­тын­дықтарын жеткізсе, енді бұ­рын­ғы белгіленген шамаға қол жет­кізудің қиындығын сезіне түс­кендей. «Қалай алып қарағанда да, біздің компания келесі жылы биылға қарағанда автокөліктерді көбірек сататын болады. Бірақ бастапқы жоспарымызға енді аздап та болсын өзгеріс енгізуге мәжбүрміз. Бастапқы сату жоспарын 5-10 пайызға төмендетуді көз­деп отырмыз», деді компания басшысы Мюнхен клубында журналистермен  өткен баспасөз мәс­ли­хатында. Оның болжамы бо­йынша 2013 жылы әлемдік авто­көлік рыногы қысқара түсуге тиіс.Әзірге,  бұл айтылған жағ­дай­лар сала бойынша үлкен дағ­да­рыстың орын ала бастағандығын білдірмейді. Дегенмен, неміс ав­то­көлік өндірушілерін екі ұдай се­зімнің керней бастағандығы ай­қын. Мәселен, Daimler компаниясы өздерінің жоспарлы пайдаларын қысқарта түсетіндіктері туралы мәлімдемені таратқаннан ке­йін, оның бәсекелестері болып табылатын BMW және Audi ком­па­нияларының өкілдері қазіргі Еуропаны кернеген дағдарысқа қара­мастан, өз компанияларының таяу болашағы туралы оптимистік болжамда екендіктерін жеткізді. Олар тіпті алдағы жылы өздерінің сату көрсеткіштері рекордтық деңгейге жететіндіктерін де мәлімдеді.Аталған компаниялар мұндай жоғары көрсеткішке қандай жолмен жетпек? Ол жағы әлі белгісіз. Бәлкім бағаны төмендету жөнінде шешім қабылдаған болар. Бірақ неғұрлым қымбат бағалы көлік сатушылар мұндай бағытты өзде­рі­нің қолдамайтындықтарын қа­зір­дің өзінде мәлімдеп те қойды. Мәселен,  Porsche компания­сы­ның басшысы Маттиас Мюллер «Мен бағаны түсіру арқылы ав­то­көлік рыногының саудасын қыз­дыра түсуге қарсымын. Өйтіп екі көлік сатқанша, тұрақты бағадағы бір көлікті сатқаным артық», деді.Бірақ қазіргі жағдайдың Porsche басшысының ыңғайына кө­не қоймайтындай түрі бар. Мі­не, бірнеше айдың жүзі болды, бұ­қа­ра халық үшін көптеп көлік шы­ғаратын компаниялар рынок­тағы өз өнімдерінің бағасын тіпті 30 пайызға дейін төмендетіп са­ту­ға кірісіп те кетті. Бұл әдіс кәсіп­орын­ның пайдасын төмен­дет­ке­ні­мен, сату деңгейін бұрынғысынша ұстап тұруға мүмкіндік беруде.Интернет материалдары бойынша әзірлеген  Сұңғат ӘЛІПБАЙ,«Егемен Қазақстан».