• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Наурыз, 2019

Қарағанды облысында кәсіпкер көпбалалы отбасына пәтер сыйлады

1372 рет
көрсетілді

Наурыз мейрамында Қарағанды облысының Абай ауданындағы  көпбалалы отбасына «Шығыс» шаруа қожалығының басшысы Шәміл Осин жаңа пәтердің кілтін сыйға тартты.

Жартас ауылында тұратын Сорокиндер отбасында тоғыз бала бар. Үлкенінің жасы 13-те, кішісіне жеті ай толған. Бұған дейін олар 3 бөлмелі пәтерде қысылып-қымтырылып тұрып келген болатын.

Сондай-ақ, көпбалалы отбасы жаңадан тағайындалған жәрдемақыға да көп үміт артып отыр. «Елбасына рақмет. Жәрдемақыны алған соң, жаңа пәтерге жөндеу жұмыстарын қалаған уақытымызда жүргізіп алатын болдық», дейді Марина Сорокина.

Сонымен қатар, Наурыз мейрамы күні Абай қаласында 25 көпбалалы отбасына азық-түлік түрінде демеушілік көмек көрсетілді.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды облысы