• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Наурыз, 2019

Ә. Смайылов Үкімет пен Ұлттық банк арасындағы жаңа Келісімнің маңыздылығы туралы айтып берді

695 рет
көрсетілді

Бүгін ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов Үкімет пен Ұлттық банк арасындағы жаңа Келісімнің маңыздылығы туралы айтып берді.

Бүгін Үкімет пен Ұлттық Банк арасында Үкімет пен Ұлттық банк арасындағы үйлестірілген саясатты жүргізуге бағытталған Келісімге қол қойылды. Жалпы, сөз маңызды бағыттарды қамтитын өзара іс-қимылды күшейту туралы болып отыр. Атап айтқанда, инфляцияны бақылау, экономиканы қорландыру, қаржылық тұрақтылық, нақты секторды қалпына келтіру және көлеңкелі экономиканы төмендету.

Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов нақтылағандай, Келісімдегі ең маңыздысы — бұл макроэкономикалық саясатты үйлестіру.

«Қаржы-несие саясаты және макроэкономикалық бағыт бір-біріне байланысты: бұл тұста келісімділік пен үйлесімділік керек. Келісім 2019 жылға жасалған болса да, ол мазмұны жағынан біздің экономикамыздың біртіндеп одан әрі дамуы үшін қажетті ұзақмерзімдік трендтерді айқындайды. Бюджеттің тұрақты болуы, инфляцияның бақылауда болуы, ал валюта бағамының едәуір ауытқымауы маңызды. Сонымен қатар көлеңкелі экономиканы төмендетіп, қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамытып, нақты секторды қалпына келтіру маңызды», — деді қаржы министрі.

Оның айтуынша, экономикаға болжамдылық қажет, сондықтан Келісім нарыққа және қоғамға «Үкімет пен Ұлттық Банктің бірлесіп жұмыс істейтін бағыттары жайлы» нақты белгі береді.