• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
28 Наурыз, 2019

Дзюдодан Қазақстан командасы Шымкентте бірлескен жаттығу лагерін өткізді

463 рет
көрсетілді

19-27 наурыз аралығында Шымкентте дзюдодан халықаралық жаттығу лагері аяқталды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Халықаралық жаттығу дагеріне Өзбекстан, Сауд Арабиясы және Қазақстаннан жалпы есебі жүзге жуық спортшы қатысты. 

Аталған жиынның басты мақсаты – өзара тәжірибе алмасып, халықаралық әріптестікті дамыту. 

«Жаттығу лагері Шымкенттегі «БИІК» спорттық базасында өтті. Бірлескен оқу-жаттығу жиынының спортшыларға берер пайдасы көп. Татамидегі қарсыластарымен бір залда жаттығып, бір тәжірибе алмасады. Мұндай жаттығу жиындары жиірек өткізіп тұрған дұрыс», - дейді бас бапкер Айдын Смағұлов.