• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
28 Наурыз, 2019

Aқша бопсалап келген азамат ұсталды

487 рет
көрсетілді

Қызылордада өзін мемлекеттік қызметкер ретінде таныстырып ақша бопсалап келген азамат ұсталды.

«Дәндеген қарсақ құлағымен ін қазады» деген сөз бар. Ол бір мекеме басшысына қоқан-лоққы жасаған сәтінде қолға түскен.

«Одан 300 мың теңге көлемінде ақша талап еткен. Полицияға одан бөлек тағы екі шағым түскен. Полиция қызметкерлерінің жүргізген жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті тұлға анықталды», - деді Қызылорда облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Гүлжаһан Қайырбергенова.

Бүгінгі күні аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктіден жауап алу барысында ол өзінің кінәсін толығымен мойындаған. Қазіргі таңда күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықталу үстінде.                       

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

Қызылорда облысы