• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
28 Наурыз, 2019

Әлемдік лига: Су добынан Қазақстан ерлер командасы ширек финалға өтті

356 рет
көрсетілді

Су добынан Қазақстан ерлер командасы Әлемдік лиганың ширек финалына өтті деп хабарлайды Olympic.kz. 

Топтық кезеңдегі соңғы матчта Қазақстан пенальти сериясы бойынша Қытайдан ұтылып қалды. Ойынның негізгі уақыты 9:9 есебімен тең аяқталды. Алайда, пенальти сериясы бойынша Қазақстан 15:16 есебімен жеңіліс тапты.

Осылайша, Қазақстан командасы жеті ұпай жинап, топта бірінші орынға шықты. Біздің құраманың келесі қарсыласы – Оңтүстік Африка Республикасы.