• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
28 Наурыз, 2019

Шымкентте буын ауруларына пышақсыз ота жасалды

684 рет
көрсетілді

Шымкенттік дәрігерлер жол апаты кезінде зардап шеккен 19 жасар қыздың аяқ буындарына алғаш рет пышақсыз ота жасады. №1 қалалық клиникалық ауруханасында өткен жабық операция кезінде  мамандар бойжеткеннің аяғындағы жарылған сіңірін хирургиялық жолмен байлап берді.

Күрделі ота кезінде білікті маман аурухана базасында 2 науқастың тізе буынына тіліксіз ота жасады. Тіліксіз операция жасау үшін травматологтар «артроскоп» аппаратын қолданып, аяқтағы жарақатты хирургиялық жолмен емдеді.

Айта кетерлігі, бұл реткі  жабық операцияға Алматы қаласындағы Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің профессоры Арман Абдуразаков жетекшілік етті. Әрі, операция жасау кезінде жергілікті ақ халаттыларға өз тәжірибесімен бөлісті.   

«Бұрын мұндай оталарды жасау үшін езіліп кеткен жілікшелерді тізені тіліп, буындарды ашып барып алатын. Енді дененің екі-ақ жері тесіледі. Бұл әдістің науқастардың ертерек аяғынан тік тұрып кетуіне пайдасы көп және денеге тыртық түспейді», - дейді денсаулық сақтау саласының білгірі. 

Нұршат ТӨКЕН,

«Egemen Qazaqstan»

Шымкент