• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
28 Наурыз, 2019

«Барыстың» ойыншысы ұлттық құраманың жейдесін киді

420 рет
көрсетілді

Құрлықтық хоккей лигасындағы (ҚХЛ) Нұр-Сұлтанның «Барыс» клубы сапында өнер көрсететін қорғаушы Виктор Сведберг Швецияның ұлттық құрамасы сапына шақырылды.   

27 жастағы Гетеборг қаласының тумасы спорттық карьерасын өз елінде бастаса, кейіннен АҚШ-қа аттанды. АХЛ-да да, ҰХЛ-да ойнап көрді. Ұлттых хоккей лигасында Сведберг 27 кездесу өткізді. 2 гол соғып, 2 рет нәтижелі пас берді.

Былтырғы маусымда «Барыстың» сапына қабылданған швециялық қорғаушының ойын өрнегі бірден көрермендер көңілінен шықты. Бойы 206 сантиметр, салмағы 108 килоны құраған Виктор өзінің тікелей міндетін жақсы атқарып қана қоймай, шабуыл шебінде де сәтті ойнады.

«Барыстың» сапында өзін жақсы қырынан көрсеткен айтулы хоккейшіге Швецияның ұлттық құрамасы бапкерлерінің көзі түсті. Содан олар Виктор Сведбергті бас команданың сапына шақыртты. Енді ол Словакия мен Венгрияға қарсы өтетін жолдастық кездесуге қатысады. Егер осы бәсекелер барысында ойыны бапкерлердің көңілінен шықса, одна Сведберг әлем чемпионатына қатысуы мүмкін.       

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»