• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
28 Наурыз, 2019

Футбол: Ел кубогындағы қарсыластар анықталды

351 рет
көрсетілді

Бүгін Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының штаб-пәтерінде 2019 жылғы маусымдағы ел кубогы жолындағы жарыстың жеребесі тартылды.  

Қазақстан кубогының 1/8 финалдық сайысында Премьер-лиганың 12 клубы және іріктеу кезеңінің 4 жеңімпазы бақ сынайды. Осы межедегі бәсекелер мына командалар арасында өтеді:  

«Каспий» – «Қайрат» «Алтай» – «Астана» «Тараз» – «Шахтер» «Академия Оңтүстік» – «Қайсар» «Ақтөбе» – «Ертіс» «Оқжетпес» – «Ордабасы» «Атырау» – «Жетісу» «Ақсу» – «Тобыл»

1/8 финалдық межеде барлық жұптар бір ойыннан ғана өткізеді. Бұл бәсекелер 10 сәуірде өтеді.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»