• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
28 Наурыз, 2019

Елордалық полиция көпбалалы отбасыларға арналған қайырымдылық концерт ұйымдастырды

543 рет
көрсетілді

Бүгін  елордалық полиция қызметкерлері Бейбітшілік және келісім сарайында аз қамтылған және көпбалалы отбасылар мен олардың ата-аналарына арналған қайырымдылық концертін ұйымдастырды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара ІІМ-нің «Бақытты балалық шақты қорғау» имидждік жобасы аясында қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, «Азия дауысы» және «Дарын» фесивалінің лауреаты Бейбіт Қорғанның қатысуымен ұйымдастырылды. ІІМ-нің аталған жобасы қоғамда балаларға қатысты жасалатын құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеу принципін қалыптастыруға, сондай-ақ жасөспірімдер қылмысын төмендетуге бағытталған.      

Елордалық полицейлер республиканың барлық өңірлері бойынша өткен қайырымдылық концертінің қорытындылау кезеңін ұйымдастыруды қолға алды.  

Көрерменнің сүйікті әншісіне айналған Бейбіт Қорғанды көрермендер ерекше қошеметпен қарсы алды. Концертте көрермендер сүйіп тыңдайтын көпшілікке белгілі хит әндер орындалды. Әнші сахнаға шыққан бетте жас көрермендер жылы қабылдап, көпшілікке танымал әндерін қосылып орындады.         

Концертке қатысу үшін Ұлттық ұлан мен Полиция департаментінің көркемдік ұжымы шақырылды. Әсіресе көрермендерді кішкентай әртістер, полиция қызметкерлерінің балалары өз өнерлерімен ерекше қуантты.

Кештің соңында Ішкі істер министрінің кеңесшісі Нұрділдә Ораз  керемет ұйымдастырылған концерт үшін Бейбіт Қорғанға және концертке қатысушыларға алғысын білдірді. Полиция департаменті Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаршыға Кішкентаев ведомство басшылығының  атынан Бейбіт Қорғанға алғысхат табыстады.