• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
28 Наурыз, 2019

Президент Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевті қабылдады

391 рет
көрсетілді

Кездесу барысында А.Жұмағалиев Қазақстан Президентіне ведомство жұмыстарының нәтижелері және орташа мерзімді кезеңдегі жоспарлары жөнінде мәлімет берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысы қорғаныс өнеркәсібі мен аэроғарыш саласының деңгейін көтеру және технологиялық тұрғыдан жаңғырту жөніндегі ведомстваның алдына қойылған міндеттерді сапалы жүзеге асырудың маңыздылығына назар аударды. Сонымен қатар, цифрлық технологияны біртіндеп және жан-жақты енгізу қажеттігін айтты.

Соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.